Атырауда мектеп мұғалімі жұмыстан босатқан басшысынан кек алмақшы болды

by Depti
1 views

Атырауда мектеп мұғалімі жұмыстан босатқан басшысынан кек алмақшы болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 тамыз күні ​Атырау облыстық еңбек инспекциясына және Атырау облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасына 54 жастағы Мақат ауданының тұрғыны арызданып, өзінің бұрынғы басшысы қызметке бұрын сотталған азаматты жұмысқа қабылдады деп арыздана отырып, азаматтың ​абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер таратқан. Аудандық полиция қызметкерлері тексеру кезінде бұл ақпараттың жалған екендігін анықтады. Кейін ​әйелдің​ жұмыстан шығарылғаны үшін басшысынан кек алмақшы болғаны белгілі болды. – Қазір аталған азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 326 704 теңге айыппұл салынды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com