Атырауда мектепке бомба қойылды деген азамат ұсталды

by Depti
1 views

Атырау облысында белгісіз ер адам мектепке бомба қойылғандығы туралы хабарлаған. Тексеруден кейін ақпарат жалған екені белгілі болды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қоңырау шалушыны ұстады. Ол бұрын сотталған Ақсай қаласының тұрғыны болып шықты.

Индербор ауданындағы мектептердің бірінде жарылғыш заттың қойылғандығы туралы хабарлама Атырау облысының аудандық полиция бөліміне түсті. Полиция ауылдағы барлық төрт мектепті тексерген, бірақ бірде-бір мектепте жарылғыш зат табылған жоқ. Кейін полиция қоңырау шалған адамды ұстады, ол көрші Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласының бұрын сотталған тұрғыны болып шықты.

Оқиға фактісі бойынша «Терроризм актісі туралы жалған хабарлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com