АТЫРАУДА
АТЫРАУДА ӨЗГЕЛЕРДІҢ АТЫНАН КРЕДИТ АЛҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
Hi-tech: Атыраулық полицейлер өзгелердің атынан онлайн-несие рәсімдеп келген күдіктіні ұстады.
Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері республика көлемінде өтіп жатқан «Hi-tech» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде банк сайты арқылы өзгелердің атынан онлайн-несие рәсімдеп келген Шығыс Қазақстан облысының 29 жастағы тұрғынынын анықтап, ұстады.
Анықталғандай, жігіт микроқаржылық мекемелер арқылы интернеттен кездейсоқ адамдардың мәліметтерін тауып алып, бірнеше ай бойы олардың атынан онлайн-несие рәсімдеп келген. Несие мақұлданғаннан кейін ол өзіне «Kaspi Bank»,«Halyk bank» банкоматтары арқылы ақшаларын алып отырған.
- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бірнеше алаяқтық жасады деген күдікті Семей қаласынан ұсталды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлімі, 4-тармағы, ҚР ҚК-нің 190 бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – деді Атырау облысы Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев. Полицейлер күдіктінің жалпы 300-ден астам алаяқтық жайтына қатысы бар екенін анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі бірнеше миллионнан астам теңгені құрады. Күдікті қазіргі уақытта Семей қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.