АТЫРАУДА

Атырауда «Отандық арнаулы қызметтің хроникалары» және «Мемлекеттік шекара» кітаптары жарық көрді

Атырауда «Отандық арнаулы қызметтің хроникалары» және «Мемлекеттік шекара»  атты қос бірдей кітаптың таныстырылымы өтті.

Егемендіктің еңселенуіне елеулі үлес қосып, ел тыныштығын қалтқысыз қадағалап келе жатқан  қуатты құрылымның бедерлі жылдар белесіндегі тарихи сәттері таңбаланған туындылар тәуелсіздік тойына тарту ретінде жарық көріп отыр.

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті мемлекет тыныштығының қорғаны. Алайда, қызығы мен құпиясы мол бұл саланың қызметі жайлы көп айтыла бермейді. Оқырманға жол тартқан қос кітапта барлаушылардың былайғы жұрт біле бермейтін жауапты қызметінің қыр-сыры, есімі ерлікке ұласқан азаматтардың айбынды жолы кеңінен өріс алған. Ауыр желдің өтінде жүріп арманынан алыстап қалған жандардың есімін кейінгілерге үлгі ету мақсатында ерлікпен қаза тапқан батырлардың өмір-өнегесі құнды еңбекте әсерлі баяндалған. Кітаптың таныстырылымына Ұлттық қауіпсіздік қызметінің ардагерлері, қызмет бабында ерлікпен ажал құшқан азаматтардың туыс-туғандары, журналистер мен сала мамандары қатысты.

img 20211130 wa0063

Шара қала ортасындағы «Жеңіс саябағына» гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасын тапты. Шекара шебінде қаза болған саңлақтарды ескерткіш маңында бір минуттык еске алу рәсімі өткізілді.

 Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтың жетекшілігімен жарық көрген ұжымдық еңбек еліміздің барлық өңірлеріндегі кітапханаларға таратылып, «Меломан» кітап  дүкендер желісі арқылы сатылымға түсетін болады. Сондай-ақ оқырман қауым кітаптың электронды нұсқасымен Kitap.kz интернет-платформасы арқылы да таныса алады. Елбасы Жарлығымен құрылған ҰҚК Шекара қызметінің өткені мен бүгіні, өткерген алмағайып кезеңдері кеңінен сараланған мақалалар шынайы дереккөздерден, архивтерден алынған дәйектер негізінде жазылған.

Өмірбат АЙТӘЛІ,

аға лейтенант,

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің

Атырау облыстық департаментінің баспасөз хатшысы

img 20211130 wa0064
img 20211130 wa0065

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button