Атырауда педофил-әке 15 жылға сотталды

by Depti
0 views

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  өзінің туған қызына бір жыл бойы зорлық-зомбылық әрекеттер жасаған педофил-әкеге қатысты үкім шықты. Сондай-ақ ер адамның қару-жарақтарды үйінде заңсыз сақтағаны анықталды.

Айыпталушының кінәсі куәгерлер мен зардап шегушінің түсініктемелері, экспертиза нәтижесі мен видеожазба негізінде толықтай дәлелденді, — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот үкіміне сәйкес ер адам ҚР ҚК 124 бабы (Жас балаларды азғындық жолға түсіру) және ҚР ҚК 287 бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша кінәлі деп танылды.

15 жылға бас бостандығынан айырылған қылмыскер кінәсін қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады. Сондай-ақ ер адамға педагогикалық қызметпен айналысуға және кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс жасауға өмір бойына тиым салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com