АТЫРАУДА

Атырауда «пранк» операциясы сәтсіз аяқталды

Бұл туралы Depti.kz редакциясына Атырау облыстық ПД бөлім басшысы Мейірім Ердәулет хабарлады.

Махамбет ауданы Полиция бөлімінің 102 операторына белгісіз әйел адам қоңырау шалып, аудан орталығында орналасқан өзі иесі болып табылатын дүкенге қарақшылық шабуыл жасалып, тоналғаны жөнінде хабарлама берген.

  • «Аталған хабарлама ​ бойынша оқиға орнына жедел жіберілген тергеу тобы хабарламаның жалған екендігін анықтады. ​Белгілі болғандай, арыз берушінің достары қалжың үшін​ дүкеннің тоналғаны жөнінде хабарлаған. Енді дүкен иесі жағдайдың растығына көз жеткізбестен жалған хабарлама бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды» деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button