АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

Біреудің көлігін айдап кеткен атыраулық камераға түсіп қалды (+ВИДЕО)

Атырауда өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен 24 жастағы азамат бақылау камерасы арқылы анықталды.

https://www.youtube.com/watch?v=rekeHy2QIXA

4 қараша күні сағат 12:22 шамасында 102 операторына 28 жастағы азаматша қоңырау шалып, сол күні сағат 11:20 шамасында белгісіз адамның Момышұлы көшесінде орналасқан емхананың алдында тұрған “Toyota Highlander” маркалы автокөлігін заңсыз жүргізіп кеткендігі жөнінде хабарлама берген.

Аталған хабарлама бойынша жедел басқару орталығының және патрульдік полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде “Toyota Highlander” маркалы автокөлігі Валиханов көшесінің бойынан тоқтатылып, көлікті заңсыз жүргізіп кеткен 24 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен _(Автокөлікті заңсыз айдап кету)_ қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button