Қазақстан Республикасында 2021 жылдың 7 айында АИТВ инфекциясының 2155 жағдайы тіркелген. Атырау облысында АИТВ жұқтырған 23 адам анықталған.
Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 8 жағдайға артық. 2020 жылы 15 жағдай тіркелген еді.
Биыл вирус жұқтырғандардың 78,3 пайызы ер азаматтар, 21,7 пайызы әйелдер.
АИТВ жұқтырғандардың басым бөлігі 20-29 жас аралығындағылар / 39 пайыз/ , 30-39 жастағылар 26,1 пайыз. 40-59 жастағылар 26 пайыз және 60 жастан асқандар мен 15-19 жас аралығындағылар 8,6 пайыз.
Әлеуметтік ахуал бойынша айтар болсақ, анықталғандардың 65 пайызы яғни 15-і жұмыс жасайтындар. Ал, 21,7 пайызы – 5 адамның жұмысы жоқ. 4,3 пайызы зейнеткер.
Вирусты 69,6 пайызы гетеросексуалды, 26,1 пайызы гомосексуалды жыныстық жолмен жұқтырған.