Атырауда қашан қайда газ болмайтыны айтылды

by Depti
0 views

Бүгін «Атырау-Орал» тас жолы бойы 5 шақырымдай  жер асты газ құбырының апаты орын алуы себепті  Атырау қаласының кейбір ауданында уақытша газ беру тоқтайды.

Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Бүгін «Атырау-Орал» тас жолы бойы 5 километрде жер асты газ құбырының апаты орын алды. Осыған байланысты жөндеу жұмыстарына орай Атырау ықшам ауданынан бастап Еркінқала елдімекеніне дейін газ беру уақытша шектеледі», – делінген таратылған ақпаратта.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com