Биыл 5 маусымда өтетін республикалық референдумды өткізуге байланысты Атырау қаласы және аудандардың әкімдіктері жанынан Call-орталықтары жұмыс істей бастайды.
Кез келген азаматтың Call-орталықтарына хабарласып, сайлау учаскесінің мекен-жайын анықтау, ЖСН арқылы қай сайлау учаскесінде тіркелгендігі туралы ақпарат алуына мүмкіндік бар.
Орталық дүйсенбі-жұма күндері түскі үзілістен бөлек сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.
Сонымен қатар, «Telegram» әлеуметтік желісінде @SailauAtyrauBot телеграм-бот қызметі және atyrau.gov.kz сайты іске қосылды. Осы сілтемеге ЖСН нөмірін жіберу арқылы қай сайлау учаскесіне тіркелгендігіңіз жөнінде ақпарат ала аласыздар.
Call-орталығының байланыс телефондары :
Атырау қаласы бойынша 8(7122)320233; 8(7122)320235 .
Жылыой ауданы – 8(71237)51554
Индер ауданы – 8(71234)20385
Исатай ауданы – 8(71231)20487
Құрманғазы ауданы – 8(71233)21380
Қызылқоға ауданы – 8(71238)21147
Мақат ауданы – 8(71239)32239; 8(71239)32341
Махамбет ауданы – 8(71236)21242.