Атырауда шетелдік азаматтарға заңсыз жұмыс жасатқан

460x825 18 migranty

Атыраулық полицейлер шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 10 адамды анықтады.

6-12 желтоқсан аралығында Атырау облысы аумағында “Мигрант” республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізілуде.

– “Мигрант” жедел алдын алу іс-шарасының үш күнінде ішінде атыраулық полицейлер көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 449 шетел азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Шетел азаматын шақырудың белгіленген қағидаларын бұзғаны үшін 124 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 10 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 12 шетел азаматына қатысты сот Қазақстан Республикасы аумағынан тыс шығарып жіберу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, облыс аумағында Тәжікстан Республикасы азаматының “Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өтуі” фактісі анықталып, іс-құжаттар жинақталуда, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: