АТЫРАУДА

Атырауда шетелдіктер наубайханада заңсыз жұмыс істеген

Атырауда наубайханада заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұл дерек «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде тіркелген. 

«Учаскелік полиция қызметкерлері облыс орталығындағы Атырау шағын ауданында орналасқан наубайханада жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының 6 азаматын анықтады. Тексеру барысында 3 өзбек азаматының жеке басын растайтын құжаты жоқ екені белгілі болды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Қазір Өзбекстан Республикасының азаматтары Атырау қалалық полиция басқармасының қабылдап-тарату орталығына орналастырылды. Оларға қатысты жинақталған іс-құжаттар көші-қон қызметі бөлімі мен Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына жолданды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button