Атырауда шетелдіктерді жұмыспен қамту көрсеткіші екі есеге төмендеді

by Depti
0 views

Шетелдіктерді жұмысқа қабылдау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен берілетін квота саны азайды – деп, хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өткен жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға 10 567 квота бөлінсе, биылғы рұқсат саны 7723-ке төмендеген.

Ал, жыл басынан бері Атырау облысы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі Комиссия шешімімен 558 шетел азаматының өтініші қабылданбаған.
Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, бөлінген квота шеңберінде 2021 жылдың 1 қазанына дейін жұмыс берушілерге шетелдік мамандарды қабылдау үшін берілген рұқсат саны 6244-ті құрайды.
Оның ішінде 1-ші санат бойынша – 39, 2-ші санат бойынша – 956, 3-ші санат бойынша – 4192, 4-ші санат бойынша – 425, маусымдық шетелдік қызметкерлерге – 621, корпоративтік ауыстыру шеңберінде ауыстырылғандар – 11 .

Айта кетейік, шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарда 91 057 қазақстандық мамандар жұмыс жасайды.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com