АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ШЫРШАДА САЛБЫРАП ТҰРҒАН АДАМ ЕЛДІ ДҮРЛІКТІРДІ

Желіде Атырауда жаңа жылдық шыршаны безендіріп жатқанадамның сурет пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Онда шыршаны безендірмек болған ер адамның арқанға ілінген суреті бар.  Бұл сурет қазақстандықтарды таңқалдырды. Оқиғаға қатысты қалалық әкімдік пікір білдірді.

Олар суреттің «Спецавтобаза» ЖШС қызметкері екенін түсіндірді.  Қаланы жаңа жылдық безендіруге жұмылдырылған арнайы техника шыршаны безендірген.

 «Жұмыс барысында жұмысшы қауіпсіздік белбеуін қолданды. Қауіпсіздік ережелерін сақтамау жұмыстан шығаруды қоса алғанда, жазалауға әкеп соғады. Қазіргі уақытта компанияның қауіпсіздік қызметімен тиісті жұмыстар жүргізілуде, қатаң шаралар қабылданады”, – деді министрліктің баспасөз қызметі.

Ал, «Спецавтобаза» ЖШС іс жүзінде жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты. Компания тиісті шараларды қолдануға уәде берді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button