АТЫРАУДА

АТЫРАУДА СИЫРҒА СОҒЫЛҒАН КӨЛІК ЖОЛДАН ШЫҒЫП КЕТТІ…

Атырау облысы полиция департаменті хабарлайды…

18.12.2021 жылы сағат 18:25 шамасында Доссор- Құлсары- Бейнеу тас жолының 15 шақырымында Құлсары қаласынан Доссор поселкесіне қарай бағыттап келе жатқан Ravon P3 автокөлігі жол бойын қиып өтіп бара жатқан 2 сиыр малын қағып, соққы салдарынан жолдың қарсы бағытына шығып Доссор поселкесінен Құлсары қаласына қарай келе жатқан Ford Galaxy автокөлігімен жанамалай соқтығысып жол-көлік оқиғасы орын алғаны жөнінде хабарлама берген. Соқтығыс салдарынан Ravon P3 автокөлігінің 1940 ж.т., және 1950ж.т., 2 жолаушысы әр түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылып, қалған 9 адам дәрігерге қаралып, ешқандай медициналық көмекті қажет етпейтіндігі анықталып тұрғылықты мекен-жайларына қайтарылған.
Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты Мақат аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button