АТЫРАУДА

Атырауда сотталғандар Елбасыға тілек жазды

Атырауда УГ-157/9 (ерлер түзету колониясы) мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазды, деп хабарлайды depti.kz.

Ерлер түрмесінде ұрлық, алаяқтық, тонау қылмыстарын жасаған ер адамдар жазаларын өтеп жатыр. Оларды қоғамға бейімдеу және қылмысқа қайта барғызбау мақсатында түрлі психологиялық іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 30-жыл толу қарсаңында УГ-157/9 мекемесінде сотталғандар арасында «Елбасына тілек» тақырыбында шығарма, хат және эссе жазғызу арқылы психологиялық тұрғыда профилактикалық іс – шара өткізілді.

  • Іс-шараға қатысқан үш сотталған ерекше көзге түсіп, өздерінің Елбасыға тілектерін қағаз бетіне түсірді. Олар Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік сыйлығанына алғыстарын айтып, оның саясатына рахметін жеткізіп, ұзақ ғұмыр тіледі. Сондай-ақ Қазақстанның 20 бай мемлекеттің қатарына кіріп, ел болып осы үлкен дәрежеген куә болуға шақырды,- деді УГ-157/9 мекемесінің психологы Шынар Максимова.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button