АТЫРАУДА

Атырауда тағы да үй өртенді…

Атырауда жеке үй өртеніп, күйік шалған бір адам ауруханаға түсті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғын үй бүгін, 3 желтоқсанда өртенген.

«Департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 16:22-де Атырау қаласының маңындағы Еркінқала-2 кентінің №5 көшесінде бір қабатты жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалпы ауданы 150 шаршы метр тұрғын үйдің шатыры түгел жанып жатқанын анықтады. Өрттің салдарынан үй иесі – 1987 жылғы азаматты күйік шалды. Зардап шегущші облыстық ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жалын сағат 17:16-да оқшауланып, 24 минуттан соң толықтай сөндірілді. Оған департаменттің 22 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.

«Қазақпарат»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button