Енді «Атырау жылу желілері» АҚ тағы да екі күн бойы ыстық беруді тоқтатуға шешім қабылдады.
«Күрделі жөндеу жүргізудің жоспар-кестесіне сәйкес жоғары қысымды құбырлардың гидравлика тығыздығына сынақтар жүргізілетін болады. Осыған байланысты, екі күнге – 22 және 23 қыркүйекте қаланың барлық жылу пунктінен ыстық су беру уақытша тоқтатылады» -деп ақпарат таратты аталған кәсіпорыннан.
Кәсіпорын сынақ жүргізу кезінде құбырларға қауіпсіздік үшін жақындамай, 5-10 метрден айналып өтуге кеңес беріп отыр.