АТЫРАУДА

Атырауда төбесі құлаған мектеп директоры сөгіспен құтылды

Атырауда төбесіндегі гипс қаптамалары құлап, оқушылары қашықтан оқуға жіберілген мектеп директоры қатаң сөгіспен құтылды.

Бұл туралы Express Qazaqstan мәлім етті. Атырау қаласындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған №30 мектеп-гимназиясы күрделі жөндеуді қажет етеді. Осы айда мектептің төбесіндегі гипс қаптамалары құлап, мектепте оқитын екі мыңнан астам оқушыға қауіп төнген болатын.

  • Білім беру басқармасы жанынан арнайы жұмыс тобы құрылып, қызметтік тексеріс жүргізілді. Мектеп басшысына «сөгіс» түрінде шара қолданылды. Мәселе қатаң бақылауда болады,- деді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Қазір мектепке техникалық қорытынды негізінде жөндеу-сметалық құжаттамасы дайындалып, соған сәйкес шатырға күрделі жөндеу жүргізіледі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button