Атырау облысында «Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтуде.
2022 жылдың 3-4 наурыз аралығында Атырау облысы «2022 жылғы көктем кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлау» тақырыбында «Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға қатысуда.
Оқу-жаттығудың мақсаты – көктем кезеңіндегі төтенше жағдайлар кезінде басқару органдардың, күштермен құралдардың іс-әрекетінің дайындығын тексеру.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында оқу-жаттығу штабы жұмыс жасауда.
Оқу-жаттығуға ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия, азаматтық қорғау қызметтері, эвакуациялық комиссия, облыстың ұйымдары мен кәсіпорындары қатысуда.
Сонымен қатар, оқу-жаттығу шеңберінде электр дабылдарын іске қосумен құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілді.
“Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы”