АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

АТЫРАУДА ҮЙЛЕРДІҢ ШАТЫРЛАРЫ ҰШЫП ЖАТЫР… (+видео)

Ағымдағы жылдың 9 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты «CALL Центр» орталығына тұрғындадан бірнеше қоңыраулар келіп түсті.

https://youtu.be/p4lqowcC09w

Қатты желдің салдарынан қаламыздағы Абай көшесі-№13 үй, Қожақаев көшесі- №44 үй, Лесхоз ы/а, №47 үйлерінің шатырларының ұшу қауіпі бар деген шақыртулар бойынша құтқарушылар қауіптің алдын алып, ұшқалы тұрған шатырларды бекіту жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, Сәтпаев көшесі, №29-шы 5 қабатты тұрғын үйдің сыртқы қаптамасының (мин.вата) құлау қаупі бар жерлерін алып тастау жұмыстары жүргізілді.
Атырау облысы ТЖД құтқарушыларының жедел әрекетінің арқасында қатты желдің салдарынан орын алған қауіптің алдын алу жұмыстары дер кезінде жойылып, оқыс оқиғалардың орын алуына жол бермеді.

Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Егерде, қандай да бір ТЖ туындай қалған жағдайда дереу «112» номеріне қоңырау шалуды естен шығармаңыз.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button