Атырауда заңсыз дәрі-дәрмек сатылған

by Depti
3 views

Атыраулық полицейлер заңсыз айналымнан 5000-нан астам психотроптық дәріні тәркіледі.

-Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Дәрмек» іс-шарасы кезінде, ҚР ӘҚБтК-нің  426 бабымен, яғни  фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық айналасы саласындағы қағидаларын бұзу дерегі бойынша бойынша 3 дерек тіркеліп, заң бұзушылыққа жол бергендер әкімшілік жауапкершілікке тартылуда-деді, Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

Мысалы Атырау қаласының 1973 ж.т. азаматшасы қала аумағында заңсыз 2900 дана трамадол және 76 дана трапикамид, 1985ж.т азаматша 1900 дана трамадол және 36 дана трапикамид,  1997ж.т азаматша 500 дана трамадол және 50 трапикамид дәрі-дәрмектерін сатып жүрген жерлерінен анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ұсталған азаматшаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 426 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылуда. Жинақталған іс-құжаттар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне жолданды.

Айта кету керек,  Атырау облысы аумағында 21-25 ақпан аралығында «Дәрмек» профилактикалық іс-шарасы өтуде. Өз кезегінде полицейлер есірткі заттарын қолдану, тасымалдау, сату  бойынша қандай-да бір ақпарат белгілі болған жағдайда  8(7122) 98-21-55 немесе 102 нөмеріне хабарласуды ескертеді. Хабарлаған тұлға жөнінде ақпарат анонимді түрде сақталатын болады.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com