АТЫРАУДА

Атырауда жаңа ықшамаудан пайда болмақ: тағы екі автомобиль көпірі салынады

«Атырау-Ақпарат» серіктестігінің онлайн-брифингіне қатысқан Атырау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Гүлбаршын Арыстанованың айтуынша, Талқайраң ауылының маңынан 110 мың тұрғынға есептелген аумағы 1300 гектар болатын жаңа ықшамаудан құрылысы басталды.

Онда 540 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бүгінде 24 үйдің құрылысы басталып та кетті. Келесі жылы салынатын тағы 46 үйдің жобалық-сметалық құжаттары дайын тұр.

Сондай-ақ, «Атырау – Ақтөбе» және «Атырау – Астрахан» жолдарын қосатын 27 шақырымдық айналма жол құрылысы жоспарлануда. Бұл Маңғыстау, Ақтөбе, Теңіз, Қарабатан, Астрахан мен Орал қалаларынан келетін ауыр жүк көліктерінің қалаға кірмей, айналып өтуіне мүмкіндік бермек.

Тағы бір жаңалық, Жайық өзенінің үстінен екі көпір салынады. Бірі – Талқайраң, ал, екіншісі – Алмалы ауылдарының маңында.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button