АТЫРАУДА

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОРОНОВИРУСҚА БАЙЛАНЫСТЫ НАҚТЫ МӘЛІМЕТ

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы»  короновирусты пандемия деп жариялады. Осыған орай еліміздің үкіметі алдын алу шараларына  білек сыбана кірісті.

ҚР вице-премьеры Ералы Түкжановтың қатысуымен өткен брифингте қауіпті «Covid-19» індетін алдын алу шараларына кеңінен түсінік берілді.

«13 наурыздан бастап спорттық, мәдени және т.б. жалпы халықтық яғни адамдар көп шоғырланатын іс-шараларды өткізуге тиім салынады. Оқушылар  16 наурыздан 5 сәуірге дейін демалысқа шығып, ЖОО-ның студенттері қашықтықтан оқытыла бастайды» – depti Е.Түкжанов.

https://www.instagram.com/p/B9oPOy1hbjO/

Сонымен қатар, вице-премьер елімізде 19 түрлі азық-түлік қоры жарты жылға жететіндігін де атап өтті.

Брифинг барысында,  кинотеатрлар жұмыс жасамайтындығы, 900 адамның карантинге жабылғандығы белгілі болды. Ал, шет елде білім алып жатқан 857 «болашақтықтар» елге қайтарылуы мүмкін.

Ескертеміз, Қазақстанда короновирус тіркелген жоқ.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button