АТЫРАУДА ЖАНТҮРШІГЕРЛІК КӨЛІК АПАТЫ ОРЫН АЛДЫ

by Depti
0 views

Атырауда жол апатынан кейін екі жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға жеткізілді. Жолаушының біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік апаты 22 қыркүйекте түнгі сағат 01:20 шамасында Атырау қаласындағы Сәтпаев көшесінде болған.

«Бір бағытта жүріп келе жатқан «Hyundai Accent» пен «Лада Приора» маркалы автокөліктері соқтығысқан. Жол апатының салдарынан «Лада Приора» көлігі электр бағанасына соғылды. Екі жүргізуші мен екі жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілген. Бір жолаушы аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Ресейде шығарылған көліктің жүргізушісі травмотология бөлімінде жатыр» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Оқиға орнында жол-көлік апатының сызбасы жасалған. Екі көлік тұраққа қойылған. «Hyundai Accent» көлігінің жүргізушісі медициналық сараптамадан өткізіліп, ішідік ішпегені анықталған.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com