АТЫРАУДА ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ҚЫЛМЫС БОЛДЫ

wr 780

25 қаңтарда Жылыой ауданындағы қыстақтардың бірінде асқан қатыгездікпен адам өлтірілді. 

Бұл туралы «azh.kz» сайты жазды. Бейресми ақпаратқа сәйкес оқиға аудандағы Қосшағыл ауылы маңында болған. Құлсары қаласының 38 жастағы тұрғыны малын іздеп шығады. Далалықты аралап жүріп сол жердегі бір қыстақта қасында көмекшісі бар малшымен кездесіп, үшеуі бірге ішімдік ішеді. Отырыстың арты кикілжіңге ұласып, өзара келіспеушілік орын алады. Мал іздеуші сол жерде 60 жастағы малшының аяқ-қолын байлап, асқан қатыгездікпен малша бауыздап тастап, оқиға орынан қашып кетеді. 

Малшының көмекшісі аудандық полиция бөлімшесіне хабарлайды. Дереу жеткен полиция тобы күдіктіні қыстақтан 3 шақырым жерден ұстайды. ҚР ҚК 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүруде.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: