Видео:
https://youtube.com/shorts/qdBEQ9bVDA0?feature=share
25 ақпанда сағат 08.01-де Атырау қаласы Атамбаев көшесінің бойында автокөлік жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жеткен кезде, кәсіпорын аумағында екі Фура автокөлігінің жанып жатқаны анықталды.
Өрт сағат 08.33-те оқшауланып, сағат 08.35-те сөндірілді.
Өртті жоюға Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 11 қызметкері және 2 техника жұмылдырылды.
Атырау облысы ТЖД ескертеді: автокөліктерде төтенше жағдайлардың алдын алу үшін өз көлігіңіздің жарамдылығын бақылаңыз, ақауларды уақытында жойыңыз.
Төтенше жағдайлар кезінде 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы