АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ЖАРЫЛЫСТАН ЖАПА ШЕККЕНДЕР ҚАЙТЫС БОЛДЫ…

19 жастағы екі жігіт II-III дәрежелі күйікпен облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде болған, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

2002 жылы туған, дене бетінің 85-90% термиялық күйік алған науқас 14 қарашада реанимация бөлімінде қайтыс болды. 2002 жылы туылған науқас дене бетінің 90-95% термиялық күйікпен 15 қарашада қайтыс болды.

Екі пациент 10 Қарашада тыныс алу жолдарының термиялық күйіктерімен, күйік шогымен және көміртегі тотығымен уланумен келді. Дәрігерлердің бақылауында болды, бірақ жарақаттары ауыр болды.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button