АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ЖОЛ АПАТЫНА ТҮСТІ…

Бүгін сағат 11 шамасында Атырау қаласы маңындағы Водников-2 шағын ауданында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады.

Жедел жәрдем көлігі “Volkswagen Touareg” маркалы автокөлігімен соқтығысқан, салдарынан бір жағына аударылған.

Жол апаты 2-ші және 8-ші көшелердің қиылысында орын алды. Нәтижесінде жедел жәрдем жүргізушісі мен оның жолаушысы жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. 

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде.

Атырау облыстық ауруханасының баспасөз қызметінің хабарлауынша,  бүгін қабылдау бөлімшесіне жол апатына ұшыраған жедел жәрдем көлігіндегі фельдшер жаралы күйінде жеткізілген.

Жұмыс барысында жол апатына ұшыраған фельдшер – 1994 жылғы

Мағжан Сүйіндіков.

Қазіргі уақытта нейрохирургия бөлімшесінде дәрігерлердің жіті қадағалауында, бас және бет жақ суйектері жарақаттанған( сотресение), жағдайы орташа.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қаңтарында Мағжан Сүйіндіковжүкті әйелді жедел жәрдем көлігінде босандырып алған болатын.

Атырау облыстық ауруханасының баспасөз қызметінің хабарлауынша,  бүгін қабылдау бөлімшесіне жол апатына ұшыраған жедел жәрдем көлігіндегі фельдшер жаралы күйінде жеткізілген.

Жұмыс барысында жол апатына ұшыраған фельдшер – 1994 жылғы Мағжан Сүйіндіков.

Қазіргі уақытта нейрохирургия бөлімшесінде дәрігерлердің жіті қадағалауында, бас және бет жақ суйектері жарақаттанған (сотресение), жағдайы орташа.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button