Атырауда жеңіл жүрісті жастар көбейген бе?

by Depti
1 views

Атырауда жеңіл жүрісті 10-нан астам бойжеткен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде 19-24 қыркүйек аралығында «Стоп-траффик» іс-шарасы өтіп жатыр. «Полиция қызметкерлері іс-шара кезінде Атырау қаласындағы моншалар мен қонақ үйлерді, ойын-сауық нысандары мен жезөкшелердің притоны болуы мүмкін орындарды тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде 10-нан астам жеңіл жүрісті қыз есепке алынды. Олардың басым көпшілігі ғаламтордағы​ сайт арқылы жыныстық қызмет көрсетіп келген. Ал, қонақ үйлердің бірінің саунасында жезөкшелікпен айналысқан 3 бойжеткен ұсталды.

Сондай-ақ, көпқабатты үйлердің біріндегі салонда боди-массаж қызметін көрсеткен 3 азаматша анықталып, профилактикалық есепке қойылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Ұсталған қыздар ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 449-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com