АТЫРАУДА

Атырауда жоғалған балықшылар іздестірілуде

«Амангелді» және «Сеф Каспий фиш» кәсіпорындарының 4 балықшысы 3 қараша күні балық аулауға шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды ATPress.kz Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасай отырып.

Департаменттің хабарлауынша, іздеу жұмыстары 6 қараша күні басталған.

Каспий теңізі жағалауының
» Атырау – Исатай – Құрманғазы» бағытында аэро іздестіру жүруде.

«МИ-8 арнайы ұшағы Атырау қаласынан 09:58​-де ұшып шықты. Бортта экипаждың 3 мүшесі, Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері және «Амангелді» ЖШС-нің 1 маманы бар. ​

Аэровизуалды іздестіру жұмыстары 270 шақырым қашықтықта, яғни Каспий теңізі жағалауының «Атырау – Исатай – Құрманғазы» бағытында жүргізілді.

Бірақ, іздестіру жұмыстары әзірге нәтиже берген жоқ» , – делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button