АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

Атырауда қараша айында жоғалған жігіт табылды (+ВИДЕО)

Атырау облысының полиция департаменті жоғалған жас жігітті тапқанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 29 қарашада Атырау қалалық полиция басқармасының тергеу бөліміне Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінен Атырау облысының тұрғыны, 2001 жылы туған Исмаилов Манастан жауап алу туралы ұйғарым түскен.

Сол күні сағат 14:18-де жігіт полицияға келіп, сұрақтарға жауап беріп, шотындағы ақшаның қозғалысы туралы банктен анықтама алуға кеткен, бірақ қайтып оралмаған.

«30 қараша күні сағат 18:00-де ол жұмыс орнынан шығып, ата-анасына үйге кететінін айтқан, бірақ қайтып оралмаған. 3 желтоқсанда ол жоғалғаны үшін іздеу жарияланған болатын. Атырау полицейлері жүргізген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған азамат 5 желтоқсанда табылды», – деді полиция департаменті.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button