0
15 ақпанда әлеуметтік желіде видео пайда болды. Бұл туралы azh.kz хабарлады. Әлеуметтік желі қолданушылары аялдамада екі ер адам – бірі отырған, екіншісі жанында тұрған видеоны жариялады. Кадр сыртындағы дауыс автобус жүргізушісінің жол ақысын төлемегені үшін автобустан қарт адамды итеріп шығарып жібергенін, ал ол адамның басы жарылғанын айтады.
- Мына жүргізуші қандай адам? Мүлдем адамгершілігі жоқ екен, – дейді дауыс.
Полиция бұл жағдайды тексеріп жатқанын айтты.