Атырауда жыл басынан бері өндірісте 30 жұмысшы жарақат алып, 4 адам көз жұмған

by Depti
0 views

“Оқиға облыс аумағындағы 28 кәсіпорында орын алған” деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

“28 өндірістік жазатайым оқиғаның салдарынан 30 жұмысшы ауыр дене жарақатын алып, 4 жұмысшы қаза тапты. Өндірісте тіркелген 18 жазатайым оқиға 100% жұмыс берушінің кінәсінен және 5 жазатайым оқиға 70% жұмысшының кінәсінен, 5 жазатайым оқиға 50% екі жақтың бірдей кінәсінен орын алған. Барлық өндірістік жазатайым оқиғалар бойынша жүргізілген арнайы тергеу құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін құқыққорғау органдарына жолданды” деді Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров онлайн брифингте.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com