Дамбы ауылдық округіне қарасты Амангелді және Дамбы ауылы бойынша 1891 дауыс беруші тіркелген. Оның ішінде 38 сайлаушы үйден дауыс беруде, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аталмыш ауылдағы №68 учаскедегі сайлау комиссиясының хатшысы Мереке Тайровтың айтуынша, ауыл тұрғындары тарапынан үйден дауыс беруге қатысты 38 өтініш түскен.
«Арнайы өкіл бөлініп, үйлерді аралауға жіберілді. Жылжымалы дауыс беру әдісін таңдағандардың бірі – 1928 жылы туған, 93 жастағы Бәтима Төлешова. Саяси науқаннан қалыс қалмауды жөн көрген ауыл тұрғыны ұзақ жылдар бойы мектепте еңбек етті» дейді М.Тайров.