АТЫРАУДА

Атыраудағы тұрғын үйлердің бірінде қазандық жарылды…

Ағымдағы жылдың 10 қараша күні түнгі 01 сағат 24 минутта Атырау қаласының Балауса шағын ауданындағы 24 көшеде орналасқан жеке тұрғын үйде табиғи газындағы жылыту қазандығында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, салдарынан жалпы көлемі 120 шаршы метр болатын тұрғын үй отқа оранды.

Тұрғын үйдің төбе жабындысының және ішкі бөлмелерінің толықтай өртенуі болды.
Өрт 02 сағат 15 минутта оқшауланып, сағат 02 сағат 40 минутта өшірілді.
Өрттің салдарынан 3 адам зардап шегіп, облыстық ауруханаға жатқызылды.
Өртті сөндіруге ТЖД-нен 16 қызметкер және 6 бірлік техника, Жедел жәрдем бригадасы 9 адам, 3 бірлік техника, Департамент полициясы 8 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды.
Құрметті Атырау облысының тұрғындары! Атырау облысы ТЖД қазандықтарды пайдалану ережелерін қатаң сақтауға, жылыту жабдықтарының жұмысын үнемі бақылауға шақырады:

  • жылыту қазандықтарына алдын ала профилактикалық тексерулер жүргізу;
  • қондырғының жанында тез тұтанатын материалдар мен сұйықтықтарды сақтауға тыйым салынады.
    Қазандықта немесе жылыту жүйесінде қысымның жоғарылауы, құбырлардың жарылуы, су соққыларының пайда болуы кезіндегі қазандық иелерінің дереу әрекеттері: отын беруді тоқтату және қысымды сақтандыру құрылғысы немесе ауа шүмегі арқылы шығару.
    Төтенше жағдай туындаған кезде нақты мекен-жайын көрсете отырып, дереу «101» немесе «112» телефондарына қоңырау шалыңыз.

Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button