Атырауға «Жусан» операциясымен оралғандарды оңалту тәжірибесімен танысуға американдық ғалымдар келді

by Depti
0 views

«Атырауға келген американдық сарапшыларды облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова қабылдады» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Қабылдау барысында облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова «Жусан» гуманитарлық операциясымен қақтығыс аймақтарынан оралған қазақстандықтарды қоғамға қайта бейімдеу, әлеуметтендіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

Американдық сарапшы, психиатрия ғылымдарының докторы, Иллинойс университетінің профессоры Стивен Уэйн ​ Сириядан қайтарылған отбасыларымен профилактикалық, оңалту жұмыстарымен танысып, тәжірибе алмасқысы келетінін жеткізді.

Және де ол «отты нүктелерден» оралған балалардың қазіргі уақыттағы жағдайлары, мектептегі үлгеріміне қызығушылық танытты.

«Қазіргі уақытта «Жусан» операциясымен елге оралған мектеп жасындағы балалар толықтай білім алуда. Балалардың сабаққа қатысу үлгерімінде айтарлықтай нәтиже бар. Қазіргі уақытта мектепте оқып жүрген балалар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Сондай ақ, 20 бала ​ ағылшын, математика курстарында ​ тегін оқуда» деп атап өтті Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

​ Атырау облысы әкімдігі тарапы қабылдаған делегация құрамында​ Дж. Вашингтон университетінің кіші ғылыми қызметкері Ноа Такер және ​ «ZOOM – Жусан» жобасының жетекшісі, Дін істері комитетінің дін мәселелері жөніндегі арнайы топ ​ мүшесі Гүлназ Раздықова болды.

Еске сала кетелік, «Жусан» гуманитарлық операциясы арқылы Сирия жерінен қазақстандықтар алғаш рет 2019 жылдың 6 қаңтарында әкелінді. Операция 5 кезеңге дейін жалғасты.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com