АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ ӘНШІНІ АЛМАТЫДА ПЫШАҚТАП ТАСТАДЫ…

Tachi лақып атымен танымал атыраулық К-поперді Алматыда үш жерінен пышақтап кетті. Ол ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.

Қылмыс 12 қарашадан 13 қарашаға қараған түні Алматы қаласында болған. Кеуде тұсынан, ішінен үш рет пышақталған Мұханбет екі апта бойы ажалмен арпалысып, енді ғана есін жиған.

— Түнде жігіттермен сөзге келіп қалдым. Мені үш жерімнен пышақтап тастады. Ауруханаға ауыр хәлде түстім, бірден операция жасады. Ол 3-4 сағатқа созылды. Кейін, тағы да бір операция жасады. Қазір жағдайым жақсы, — деді әнші.

1 желтоқсан — 25 жасқа келген әншіні ауруханаға құттықтап достары барған. Оның Instagram парақшасында тезірек жазылып кетуін тілегендер де көп. Арасында Роза Рымбаевның ұлы Мәди Рымбаев та бар. Ол «Тезірек жазылып кет, бауырым» деген пікір қалдырды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button