Атыраулық оқушы полицияға барып анасына шағымданған

img 20220218 wa0118

Мектеп оқушысы анасының ішімдік ішетінін хабарлаған.

15 ақпан күні қала аумағында орналасқан мектептердің бірінің 7 сынып оқушысы мұғаліміне анасының ішімдік ішетінін айтып шағымданған.

Осыған байланысты, Атырау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері білім беру ұйымының қызметкерлерімен  бірлесіп, аталған оқушының үйін тексеруге барған уақытта жасөспірім қыздың 47 жастағы анасының мас күйде екендігі анықталған. Оған медициналық сараптаманың жеңіл дәрежелі масаң күйде деп берген қорытындысы дәлел болған.

Бұл жағдай бұрын да 47 жастағы әйел адамның тарапынан бірнеше рет қайталануына байланысты, балаларының тәрбиесімен айналыспағаны үшін, азаматшаға  қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабының 2 бөлімімен әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Одан бөлек, аталған азаматшаға қатысты жинақталған іс-құжаттар Атырау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына  жолданатын болады.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: