АТЫРАУДА

Атыраулық полицейлер құрылысшыларды тонап кеткен қылмыстық топты ұстады

Атыраулық полицейлер құрылысшыларды тонап кеткен қылмыстық топты ұстады.

10 қазан күні сағат 03:30 шамасында белгісіз ұйымдасқан топ алдын ала сөз байласу арқылы Атырау қаласы Нұрсая мөлтек ауданындағы жаңадан салынып жатқан үйлердің бірінің екінші қабатында ұйықтап жатқан құрылысшылардың ақша қаражаттары мен ұсақ-түйек заттарын ашық түрде жымқырып, белгісіз бағытқа бой тасалаған.

Келтірілген залал құны – 414 мың теңге. Осыған ұқсас жағдай сағат сол күні 04:00 шамасында Атырау мөлтек ауданындағы құрылыс ғимараттарының бірінде де орын алған. Қылмыстық топ құрылысшылардың бірнеше бағалы құрылғылары мен ұялы телефондарын тонап, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен. Келтірілген залал құны – 240 000 теңге.


Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button