Атыраулық қариялар үйден шықпай-ақ дауыс берді

by Depti
0 views

Бүгін, 25 шілдеде Дамбы ауылының тұрғындары сайлауда белсенділік танытты. Сағат 15.00-ге жетпей сайлаушылардың тең жартысы дауыс беріп үлгерді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Дамбы ауылдық округінде 38 адам үйден дауыс беруге өтініш білдірді. Жақында 80 жасқа толатын еңбек ардагері Ғарифолла Хитуов та осы мүмкіндікті пайдаланды.

– Өзім де 1993 жылы Дамбы ауылдық округінің әкімі болып сайландым. Бұл қызметті 8 жыл атқардым, кейін ол жерден зейнетке шықтым. Тәуелсіздік алған  30 жыл ішінде ауылымыз танымастай өзгерді. Ауыл тұрғындары қалаға оңай жетеді, барлық үйлерде жарық, су, газ бар. Жайлы өмір сүруіміз үшін барлық жағдай жасалған. Қай жаста болсақ та, азаматтық борышымызды ұмытпауымыз керек. Біздің балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы – сайлау нәтижелеріне байланысты. Сайлауға үйден шықпай-ақ, қатысуға мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға рахмет, – деді зейнеткер.

N68 сайлау учаскесіндегі комиссия мүшесі Қадыржан Мүтиевтің айтуынша, тек 36 сайлаушы үйде отырып дауыс бере алды. Олардың барлығы зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар, олар өз бетінше жүре алмайды.

Айта кетейік, Атырау қаласында жалпы 85 адам үйден дауыс берді.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com