АТЫРАУДА

Атыраулық тұрғын бро­ндалған әскери машина сатпақ болған

ZTB фейсбук парақшасында Атырау қаласында 35 жастағы ер адам заңсыз бронд­алған барлау-шолғыншы машинасын (БРДМ-2) сатуға тырыс­қандығын айтқан.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулеттен білгенімізде, эстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1986 ж.т. азаматқа тиесі­лі аталған әскери ма­шина табылып, тәркіленгендігін айтып, ақпаратты растады.

Қазіргі уақытта атал­ған факті бойынша ҚР ҚК 386-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейі­нгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ал күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрін­де бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button