АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ ЖІГІТ ЖҰРТТЫҢ ЖҮРЕГІН ҰШЫРДЫ…

Атырауда мектеп ішінде жарылғыш бар деп жалған ақпарат берген тұрғын ұсталды.

Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 номеріне белгісіз тұлға қоңырау шалып, Атырау қаласында орналасқан орта мектеп ғимараттарының бірінде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарлаған.

Полиция қызметкерлері жедел түрде тиісті шаралар қолданып, тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат анықталмады.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1999 ж.т жастағы тұрғын анықталып, ұсталды. Наркологиялық сараптаманың қорытындысымен аталған азаматтың жеңіл дәрежедегі мас күйде екендігі анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК-нің 273  бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сəйкес жариялануға жатпайды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button