АТЫРАУДА

Атыраулық жастар Президент бастамасын қолдайды

Мемлекет басшысы: «Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламент қарайды деп ойлаған едік.

Бұл – қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан, мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық РЕФЕРЕНДУМ өткізуді ұсынамын» деді.

Ендеше, біз де, мұнайлы өңір жастары Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасын бірауыздан қолдайтындығымызды жеткізгім келеді. Жаңа Қазақстанды бірге құру үшін де ұлы өзгерістер қажет-ақ. Әсіресе, қолданыстағы заңнамаларға түзетулер мен толықтырулар енгізуден қашпаған да, қорықпаған да жөн деп ойлаймын. Өмірдің өзі өзгерістерден тұратыны белгілі. Олай болса, заманына қарай адамы да өзін жан-жақты толықтырып, уақыт талабына дер кезінде жауап бере білуге тиіс.

Серік ҚАДЫРОВ,

Атырау жастар ресурстық орталығының басшысы

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button