АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚТАР БҰРЫНҒЫ АТАУДЫ ҚАЙТАРЫП АЛДЫ

Ауылда 2 мыңнан астам тұрғын тұрады.

Атырау қаласы әкімдігінің мәслихат сессиясында ауыл атауын өзгерту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Мой город» порталының хабарлауынша, Атырау ауылдық округінің Атырау ауылының тұрғындары әкімдікке ауылдың бұрынғы Қызылбалық атауын қайтару жөнінде ұсыныс жасаған.

Халық қалаулылары ауыл тұрғындарының ұсынысымен бірауыздан келісіп, дауыс берді.

Айта кетелік, ауылда 2 мыңнан астам тұрғын бар.

Облыс әкімдігіне қалалық әкімдіктің қаулысы мен қалалық мәслихаттың шешімі қарастыру үшін жолданды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button