АТЫРАУДА

Аудан орталығының тұрғындары жанармай бекетіне зәру

«Ауылымызда көптен бері жанармай құю бекеті жұмыс істемейді. Бары газ құю бекеті ғана. Ал тұрғындардың көбінде бензинмен жүретін көлік. Амалдың жоқтығынан 30 км қашықтықтағы Доссор кентінен немесе 120 км қашықтықтағы Атырау қаласынан жанармай құйып келуге мәжбүрміз. Бірақ ол жаққа да жетіп алу керек қой», – депті жағдайға наразы Мақаттықтар.

«Аудан әкімдігі «Қазмұнайгаз» жанар-жағармай бекеті басшыларына ұсыныс хат жолдап, Мақат және Доссор кенттеріндегі жанар-жағармай бекеттерін тез арада іске қосу мақсатында күрделі жөндеу жұмыстарына қаражат бөлуді сұраған болатын. «Қазмұнайгаз» тарапынан Мақат кентінде жөндеуді наурыз айында бастап, сәуірде аяқтауды, Доссор кентінде сәуірде бастап, мамырда аяқтауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді»,- депті әкімдік өкілдері, тұрғындарға берген жауабында.

Мақат кенті өзі аттас ауданның орталығы болып табылады. Іргетасы – 1915 жылы қаланғаан. Халқының саны – 15 000-нан астам.

1548907885 article b 1500

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button