ҚЫЗЫЛҚОҒАДА ӘЛЕУМЕТТІК ДӘРІХАНА АШЫЛДЫ

img 20210923 170945

Әрбір мемлекеттің басты байлығы оның халқы екені белгілі. Елдің саулығы, әл-ауқатының жақсы болуы, білім алуға, еңбек етуге, демалуға барынша мүмкіндік алуы сол мемлекет саясатының басты бағыты болып табылатыны және рас.

Мұндай игілікті негіз біздің Қазақстанға да тиесілі. Дамыған мемлекеттер қатарына кіретін еліміз бүгінде ұлт саулығына байланысты едәуір ұтымды жұмыстар жүргізуде.

Бүгінгі күнде қаржылық дағдарыстың әсері дәрі-дәрмектің қымбаттауына да түрткі болғанын айтып шағымданатындар да аз емес. Өткен жылды еске алсақ, елімізде орын алған пандемия жағдайында ауырып ем іздеп, дәріхана есігін тоздырып еміне шипа болар дәрі іздеушілердің қарасы қалыңдады. Осы тұста, облыс деңгейінде ұйымдастырылған мониторинг нәтижесінде, дәрі- дәрмек бағаларының тұрақсыздығы анықталды. Осыған орай, «Атырау- адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Әлеуметтік дәріхана» ашу жобасын қолға алып, жүзеге асыра бастады.

Бүгінде аталған жоба өткен аптадан бастап «Атырау- адалдық алаңының» Қызылқоға аудандық жобалық кеңсесімен жүзеге аса бастады. Дегенмен, дағдарыс дендеп кіргеніне қарамастан, бұл мәселенің оң шешілуін көздеген кәсіпкер ісі құптауға тұрарлық. Аталмыш жоба ауданымыздың жеке кәсіпкері Нұрлан Сабировтың қолдауымен жүзеге асырылуда.

– Салауатты өмір салтын қалыптастыру, халық денсаулығын оңалту жайын да қазіргідей дағдарыс жағдайында аудан тұрғындарын сапалы әрі төмен бағадағы дәрі-дәрмектермен қамтудың өте қажеттігі де күн сайын біліне түсуде. Осы орайда, «Атырау- адалдық алаңының» ауданымыздағы өкілімен бірге қолға алынған дәріханада аудан тұрғындарына дәрі- дәрмек бағасы төменгі бағамен сатылмақ. Соған орай, ауданға қарасты 10 ауылдық округтерден әлеуметтік осал топқа жататан отбасылар тізімі алынып, бүгінде аталған азаматтарға дәрі- дәрмек төменгі бағамен берілуде,- дейді кәсіпкер.

Айсәуле АРДАҚҚЫЗЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: