АУРУХАНАДА ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР САНЫ АЗАЙДЫ

f7526d0d9a9f40aa4690c4a70b3bfc16 xl

ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРДА ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР САНЫ АЗАЙДЫ.

Бүгінгі күні модульді жұқпалы аурулар ауруханасында 30 жүкті әйел ем қабылдауда, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жылойлық Гүлзия Елеулиева жүктілігінің 31 аптасында модульді жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Жағдайының ауырлығына байланысты 10 күндей жансақтау бөлімінде жатып, 3-ші сәбиін кесір тілігі арқылы дүниеге әкелді. Бүгінгі күні қалыпты бөлімде ем қабылдауда. Мерзімінен бұрын дүниеге келген сәби облыстық периниталдық орталықта.

– Ауруханаға түскен кезде жағдайым қиын болатын. Қазір жағдайым жақсы, балам да аман-сау. Осы орайда аурухана әкімшілігіне рақметімді жеткізгім келеді. Нұрфия Төлемісқызы бастаған бөлім ұжымына, жансақтау бөлімінде әркез денсаулығымды бақылауда ұстаған Дәулен Хамидоллаұлына алғысым шексіз. Тұрғындардын барынша сақ болып, сақтық шараларын қатаң ұстануын сұраймын,- деді Гүлзия Елеулиева.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: