АТЫРАУДА

БАҚЫТГҮЛ ХАМЕНОВА МӘЖІЛІСТЕГІ ДЕПУТАТТЫҚ ОРНЫНАН КЕТТІ

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бақытгүл Хаменованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл туралы inform.kz хабарлайды.

«Сізге барлық әріптестеріміздің атынан Мәжілісте бірлесіп атқарған жұмыс үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сіз өзіңіздің біліміңіз және мол тәжірибеңіздің арқасында алдағы уақытта да Атырау облысының дамуына да зор үлес қосасыз деп сенім білдіреміз. Сондай-ақ жұмысыңыз табысты болсын», – деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Бақытгүл Хаменова жақында Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button