АТЫРАУДА

Бейбіт Қорған Атырауда қалай тұрғанын айтып таңқалдырды

Әнші Бейбіт Қорған күні кеше «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Өнер иесі мұндай сыйды күтпегенін, тосыннан болғанын айтады. «Атақ мен үшін маңызды емес» деген әнші бұл қуанышымен көпшілікпен бөлісті. Сондай-ақ, өнерге аспаннан топ ете түспегенін, кезінде жоқшылықты көргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазақстан» Ұлттық арнасының «1001 түн» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әнші бала кезінде анасымен бірге сауда жасағанын жасырмайды. 

«Анаммен бірге базарда балмұздақ, киім сатқанбыз. Қиналдық, жоқшылықты да көрдік. Арба итеруге келген кезім болды. Денем арық, өзім кішкентай болғандықтан сол жердегі жігіттер «кет әрі» деп итеріп те жіберген», – деп еске алды Бейбіт Қорған.

Қорғанның айтуынша, әнші-әртіс атаулы өнерге қиыншылықпен келмеген. Жеңіл жолмен, кездейсоқ келіп қалғандар да жоқ емес. Ал шоу-бизнесте жүрген әнші әсіресе, қыз балалардың әншілік жолды таңдауына қарсы. 

«Қыз балаларға өнер қажет емес. Өзім де қыз өсіріп отырмын. Бірақ қызыма тілемес едім. Алланың берген қабілеті бар. Айтқысы келеді, көрсеткісі келеді. Бірақ әйел адамға қиын», – деп бөлісті ол.  

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button